Accessibility links

ЕуроОдақ ресей-грузин қақтығысы туралы баяндамасын таныстырады


Бүгін Брюсселде 2008 жылдың тамызындағы ресей-грузин қарулы қақтығысының себептері туралы ЕуроОдақ комиссиясының баяндамасы жарияланады. Швейцариялық дипломат Хайди Тальявини басқаратын комиссияның зерттеуі шамамен тоғыз айға созылды.

Қорытынды баяндама ЕуроОдақ пен БҰҰ мүшелерінің, сондай-ақ ресейлік және грузиялық дипломаттардың қатысуымен таныстырылады.

Сейсенбі күні Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы аймаққа ЕуроОдақ бақылаушыларын жібермегені үшін Ресей, Оңтүстік Осетия және Абхазия билігін сынаған резолюция қабылдады.
XS
SM
MD
LG