Accessibility links

Астанада Анатолий Рябцевтің ісі бойынша сот процесі басталды


Бүгін Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотында ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеттің бұрынғы төрағасы Анатолий Рябцевтің ісі бойынша сот процесі басталды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Қаржы полициясы Рябцевті 2009 жылы 18 наурызда ұстаған болатын. Оған мемлекеттік сатып алулар бойынша тендер өткізу барысында "қызмет бабын асыра пайдаланған", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрған", "пара берген" деген айыптар тағылып отыр. Сондай-ақ, мемлекетке 17 миллион теңге залал тигендігі хабарланды.

Рябцев "қызмет бабын асыра пайдаланған" деген айыпты ғана жартылай мойындап, қалғандарының бәрін толықтай жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG