Accessibility links

Бейжіңдегі әскери шеруге 100 мыңнан аса адам қатысты


Қытай Халық Республикасының құрылғанына 60 жыл толуына орай Бейжіңде өткізілген әскери шеруге 100 мыңннан астам адам қатысты.

Халықтық-азат ету әскері шеруде өзінің соңғы үлгідегі қаруларын, атап айтқанда ядролық құрлықаралық баллистикалық зымыран тасығыштарын, сондай-ақ танктер мен әскери ұшақтарын көрсетті.

Мао Цзэдунның осыдан 60 жыл бұрын Қытай Халық Республикасының құрылғандығын жариялаған Тяньаньмэнь алаңындағы мінберде бүгін Қытай президенті Ху Цзиньтао сөз сөйледі.

Ол билік басындағы коммунистік партиясы «қытайлық сипаттағы социализмге апарар жолдағы» экономикалық дамуын жалғастырып, 1,3 миллиард халықтың тұрақтылығы мен бірлігіне қызмет ететіндігін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG