Accessibility links

«Кетсан» тайфуны Вьетнамға жетті


Вьетнамда «Кетсан» тайфунынан зардап шеккендердің саны 70-тен асты.

Хабарларға қарағанда, тағы 12 адам іс-түссіз жоғалып кеткендердің санатына енгізілген. Сонымен қатар,170 мың тұрғын дауылдың салдарынан өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Әсіресе Вьетнамның орталық бөлігіндегі Хюэ қаласы су тасқынынан қатты зардап шеккен.

Бұған дейін Филиппинде «Кетсан» тайфунынан 240-қа жуық адам қаза болып, шамамен 400 мың адам далада қалған болатын.
XS
SM
MD
LG