Accessibility links

Түркияда Доминик Cтросс-Канға аяқ киім лақтырылды


Бүгін Стамбул университетінде қаржы ресмиінің экономикаға қатысты студенттер сауалына жауап беріп жатқан кезінде, Халықаралық Валюта қорының атқарушы директоры Доминик Стросс Канға аяқ киім лақтырылды.

Бірақ аяқ киім Халықаралық қаржы қорының басшысына тимеді. Қауіпсіздік сақшылары аяқ киім лақтырушыны ұстап үлгерді. Ол студент әрі кішігірім газеттің тілшісі екені анықталды.

Конференция тез аяқталып, холлдан барлық адам шығарылды. Бұл жағдай өткен жылы Бағдадта ирақтық журналистің АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Бушқа аяқ киім лақтырған оқиғаcын қайталап отыр.
XS
SM
MD
LG