Accessibility links

Қырғызстанда табылған мәйіт жоғалған депутаттың сүйегі болуы мүмкін


Қырғызстанның солтүстігіндегі Башқарасу ауылы маңынан өткен жылы жоғалып кеткен қырғыз депутатының сүйегі болуы мүмкін деген мәйіт табылды. Депутат Руслан Шаботоев 2008 жылдың 30-шы қыркүйегінен бері хабарсыз кеткен.

Шаботоевтың әріптестері мен Социал демократиялық партиядағы достары бұл мәліметті Азаттықтың қырғыз қызметіне растап отыр.

Және бұл туралы баспасөз мәслихатында Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі тергеу басқармасының бастығы Құбатбек Ноурузбаев айтып, мәйіттің нақты кімдікі екені бір айдан кейін анықталады, дегенмен оның қолындағы сағатын туыстары танып отыр деді.

34 жасар Руслан Шаботоевты өткен жылы соңғы рет Бішкектің бір кафесінен көргендер бар. Шаботоев Қырғызстанның саяси сахнасына 2005 жылғы президент Асқар Ақаевты биліктен кетірген жаппай наразылық шараларынан кейін шыққан.
XS
SM
MD
LG