Accessibility links

Израиль сарбаздың видеосына айырбас ретінде палестин әйелдерін босатты


Бүгін Израиль үш жыл бұрын Газа аймағында Хамас жауынгерлерінің қолына түскен сарбазының видеосына айырбас ретінде, палестиналық 19 әйел тұтқынды босатты.

Израиль ресмилері оның алдында сарбаздары Гилат Шалиттің тірі екенін нақтылайтын видео болмаса, ешқандай тұтқынды босатпайтынын айтқан. Израилдік әскер Гилат Шалит 2006 жылы маусымда шекарадағы рейд кезінде ұсталған.

Бүгінгі айырбас келісіміне Израиль мен Палестина арасындағы келіссөздерге Мысырдың арағайындық жасауымен қол жетті делініп отыр.

Хамас Израилден егер Шалитті шығарсақ, жүздеген жауынгерлерімізді босатыңдар деп талап етіп келген.
XS
SM
MD
LG