Accessibility links

6 қазанда Николя Саркози Астанаға келеді


Франция президенті Николя Саркози 6 қазан күні мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Бір ерекшелігі - ол туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі емес, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі әрі ерекше тапсырмалар бойынша елші Ержан Ашықбаев Азаттық радиосына телефон арқылы Француз президентінің сапарына қатысты жан-жақты мәліметті тек дүйсенбі күні ғана жариялайтынын хабарлады. Бірақ сапар барысында Қазақстан мен Франция президенттері Н.Назарбаев пен Николя Саркозидің өзара келіссөзі өтетіні анық деп мәлімдеді.
Сапар кезінде қазақ-француз кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтеді. Форумға қазақ және француз президенттері және екі елдің ресми өкілдері мен іскерлері қатысуға тиіс. Сондай-ақ бірқатар екі жақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG