Accessibility links

Ирландия: «Лиссабон келісімі» мақұлданды


«Лиссабон келісімі» бойынша Ирландияда болып өткен референдумда берілген дауыстардың бейресми есебі келісімді қолдағандардың басым болғанын байқатады. Ал оның ресми нәтижесі сенбі күні кешірек жариялануға тиіс.
Еуропа Одағының басқару құрылымдарын реформалау туралы «Лиссабон келісімі» бойынша референдум Ирландияда екінші рет өткізілді. Өткен жылы ирланд сайлаушылары келісімді мақұлдамады да, ЕуроОдақ Ирландияға оның әскери бейтараптығын, түсік жасатуға шектеу қоятын заңын қалдыруға және салық салу мәселесінде тәуелсіздігін сақтауға кепілдік берді.
XS
SM
MD
LG