Accessibility links

АҚШ Пәкістанға 7.5 млрд. доллар көмек береді


Пәкістан Америка Құрама Штаттарының қаржылай көмек беру бағдарламасын ықыласпен қабылдады. Өткен сәрсенбі күні АҚШ Конгресі 5 жылға арналған 7.5 миллиард долларлық көмек бағдарламасын қабылдады. Қаржы мепктер мен жолдар салуға және демократиялық институттар құруға бағытталады.
АҚШ-тың ресми өкілдерімен келіссөз жүргізу үшін Вашингтонда жүрген Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Қуреши АҚШ-тың өзі ауыр экономикалық дағдарысқа ұшырауына қарамай беріп отырған көмегін ресми Исламабадтың жоғары бағалайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG