Accessibility links

Ауғанстан: биыл НАТО 380-нен көп адамынан айрылды


Соңғы тәуліктерде Ауғанстанда АҚШ-тың 5 әскери қызметкері қаза тапты. Ауғанстандағы халықаралық күштердің басшылығы осылай деп хабарлады.
Америкалық 2 жауынгер тәліптердің шабуылынан қаза болса, тағы 3-еуі – жарылыстардан мерт болды. Барлығы да Ауғанстанның шығысында көз жұмған.
ДПА агенттігінің хабарлауынша, соңғы мәліметке сәйкес, биыл халықаралық күштердің қаза тапқан жауынгерлерінің саны 380-нен асты. Бұл 2001 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.
XS
SM
MD
LG