Accessibility links

МАГАТЭ: Иранның ядролық қару жасауға шамасы бар


Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің бас директоры Мұхаммад Әл-Баради Иранға келіп жетті. Теһранда ол Иранның уран шикізатын байытатын жаңа кәсіпорнын тексеретін агенттік инспекторларының келетін сапар кестесін талқылайды. Жаңа кәсіпорынның барлығы қыркүйек айында мәлім болды.
Таяуда Женевада әлемнің жетекші 6 елінің өкілдерімен өткізген келіссөзінде ресми Теһран кәсіпорынға халықаралық инспекторларды жіберуге келісті.
Ал осы кезде New York Times газеті МАГАТЭ-нің құпия баяндамасы барлығын жазады. Оған сәйкес, агенттіктің сарапшылары Иранда жақсы байытылған ураннан ядролық қару шығаруға жеткілікті ақпарат бар деген қорытындыға келетін көрінеді. Ал Иран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG