Accessibility links

Әзірбайжан соты екі ливандықты соттады


Бүгін Әзірбайжан соты Бакудегі АҚШ және Израиль елшіліктеріне қарсы шабуыл жасамақ болды деген айыппен екі ливандықты соттады.

AFP ақпарат агенттігіне хабарлаған сот өкілі тегі ливандық Али Караки мен Али Нажмеддин 15 жылдан түрмеге жабылды деді. Сонымен қатар төрт әзірбайжандық та 15 жыл мен 12 жыл аралығында түрме жазасын алған.

Сот өкілінің айтуынша, бұл террорлық топтың Ливан шииттерінің ұйымы Хизболламен, Әл-Қаидамен, Иранның революциялық сақшыларымен байланысы бар деді. Бірақ егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.
XS
SM
MD
LG