Accessibility links

Қазақ-француз бизнес-форумында алты млрд доллардың келісімшарттарына қол қойылды


Франция президенті Николя Саркозидің Қазақстанға ресми сапары барысында сейсенбі күні бірқатар құжаттарға және құны алты млрд доллар шамасындағы келісімшарттарға қол қойды.

Қазақстанның индустрия және сауда министрлігінің инвестиция жөніндегі комитет төрағасы Тимур Нұрашевтің айтуынша, екі мемлекет келісімдерді, меморандумдарды, сондай-ақ құны алты млрд долларға жуықтайтын келісімшарттарға қол қойды. Сонымен бірге, Нұрашев француздардың ұсынып отырған инвестициясының нақты көлемі 1,8 млрд доллар екендігін атап көрсетті.

Қазақ-француз бизнес-форумы барысында барлығы 12 құжатқа қол қойылған.
XS
SM
MD
LG