Accessibility links

Журналист Кучуковке шығарылған үкім күшінде қалдырылды


Алматы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы бүгін Талдықорғанда «Время» газетінің тілшісі Тохнияз Кучуковке шығарылған үкімді күшінде қалдырды. Шешімді оқыған алқа төрағасы Ерхан Тотыбай-тегі адвокаттың шағымы қанағаттандырылмады деді.

Кучуков және оның адвокаты апелляциялық инстанцияның шешіміне қатысты шығымын облыстық соттың бақылау инстанциясына түсіруді көздеп отыр.

Биыл 28 тамызда Алматы облысының Қапшағай қалалық соты Кучуковты жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға соттады.

Бір аптадан соң - 3 қыркүйекте адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис те дәл сондай айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. «Жовтис ісі» бойынша апелляциялық шағым 20 қазанда қаралады.
XS
SM
MD
LG