Accessibility links

Сербия Ресейден 1 млд доллар алатын болды


Ресей Сербияның бюджет тапшылығын жауып, елдің инфрақұрылымын дамытуға 1 млд доллар көмек беретін болды.

Бұл келісімге Ресей президенті Дмитрий Медведевтің қазанның 20-дағы Сербияға сапары барысында қол қойылады деп күтілуде.

Ресейдің қаржы министрі Алексей Кудриннің айтуынша, биыл берілетін 350 млн-нан аса доллар қаржы Сербияның бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылады.

Бұл туралы Стамбулда мәлімдеген Кудрин қалған 650 млн доллар алдағы жылы Сербияның инфрақұрылымына қатысты жобаларға беріледі деді.

Сербияға несиеге ақша беру Ресейдің Балқан аймағындағы ықпалын күшейте түсуі мүмкін. Бұл тұста Ресей газын Қара теңізден Еуропаға шығаратын оңтүстік ағыс газ құбырына қатысты Мәскеудің мүддесі жатыр.
XS
SM
MD
LG