Accessibility links

Сот журналист Свиридовтың шағымын кері қайтарды


Сейсенбі күні Алматы қалалық соты әкімшілік соттың журналист Андрей Свиридовке қарсы шығарған шешімін күшінде қалдырды.

17 қыркүйекте Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Свиридовке заңсыз наразылық акциясын өткізгені үшін әкімшілік айыппұл салған болатын.

Айыппұл салынардан бір күн бұрын журналист Алматының Артабында адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтиске шығарылған сот үкіміне қарсы наразылық акциясын өткізген еді.
XS
SM
MD
LG