Accessibility links

Украина: Ресей газы үшін ақша уақытында төленді


Украинаның мемлекеттік "Нафтогаз" компаниясы қыркүйек айындағы Ресейдің газ импорты үшін толық уақытында төлегенін айтып отыр. "Нафтогаз" баспасөз хатшысының айтуынша, Украинада тұтынылған шамамен 2 миллиард текше метр табиғи газ үшін 400 миллион доллар "Газпромға" төленген.

Қаңтар айында Ресей мен Украина арасындағы газ дауына байланысты Ресейдің Еуропаға газ тасымалы тоқтап қалған болатын.
XS
SM
MD
LG