Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан ондаған адам зардап шекті


Ауғанстан астанасының орталығындағы Үндістан елшілігінің маңында болған жарылыстан кем дегенде 12 адам қаза болып, 80-ге жуық кісі жараланды. Жарылыстан зардап шегушілердің дені бейбіт тұрғындар.

Ауғанстан президенті әкімшілігінің хабарлауынша, шабуылды жарылғыш тиелген автокөліктегі жанкешті жүзеге асырған.

Өткен жылы шілдеде Кабулдағы Үндістан елшігінің маңында Талибан жанкештісінің шабуылынан 58 адам, соның ішінде екі үндіс дипломаты қайтыс болып, 140-қа жуық кісі жараланған еді.
XS
SM
MD
LG