Accessibility links

Молдова парламенті осы айда президентті сайламақ


Молдова парламенті осы айдың аяғында келесі президентті сайлау бойынша дауыс береді деп жоспарланған. Алайда қазанның 23-дегі дауыс берулер елдің саяси дағдарысына нүкте қоя ма? жоқ па - бұл белгісіз.

Қазір парламент екі топқа бөлінген. Шілде айындағы сайлауларда жеңіліске ұшыраған коммунистер парламенттегі ең үлкен партия болып қалуда, ал еуропашыл либералды төрт партиядан құрылған коалиция жаңа үкіметті басқарады. Бірақ бұл екі топтың бұрынғы президент Владимир Ворониннің орнына өз кандидатын сайлауға дауыстары жеткіліксіз.

Президенттіктен үміткер жеңіске жетуі үшін оны парламенттегі 101 депутатың 61-і қолдап дауыс беруі тиіс. Егер президент сайлауы сәтсіз болса, онда елде кезектен тыс парламенттік сайлаулар өткізіледі.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG