Accessibility links

Пәкістан: армия соңғы содырды қолға түсірді


Пәкістан армиясының өкілдері сенбі күні Равалпинди қаласындағы қарулы күштердің штаб-пәтеріне шабуыл жасаған топтың соңғы мүшесін қолға түсіргенін мәлімдеді. 10-нан аса жауынгер мен 10 содыр оққа ұшып, 1 тәулікке созылған шайқас осылай аяқталды. Содарлар тұтқында ұстаған 40 шақты адам босатылды. Бұл қастандық шабуылды тәліптер өз жауапкершілігіне алды.
Пәкістан үкіметі мәлімдегендей, армияның штаб-пәтеріне тәліптердің шабуыл жасауы биліктің Оңтүстік Вазиристан аумағындағы тәліптердің бекінісіне қарсы соғыс операциясын бастау ниетін нығайта түсті.
XS
SM
MD
LG