Accessibility links

Чехия діни босқынды Қазақстанға депортациялады


Чехия билігі 26 жастағы қазақ азаматы Марғұлан Мұхамбетовты өз елінің аумағынан күштеп шығарды. Үш жыл бойы босқын мәртебесін сұрап келген «таза дін» мұсылман қауымының өкілі Мұхамбетовті чех офицері 11 қазан күні «Прага-Алматы» әуе бағытымен келіп Қазақстанның шекара қызметіне тапсырды.

Өзінің аты-жөні аталуын мақұл көрмеген Алматы халықаралық әуежайының офицері Азаттық тілшісіне бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, «бостандыққа жіберілген Мұхамбетовты әуежайдан достары, не болмаса туған-туыстары күтіп алған». Алайда Чехиядағы қазақ босқындары қауымының жетекшілері Мұхамбетовтің елдегі туған-туыстары оның Қазақстанға қайтарылғандығын білмейді деп отыр.

Чехияда 200-ден астам "таза дін" қауымының өкілдері немесе салафиттер тұрады. Халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдардың алаңдаушылығана қарамастан, Чехия билігі оларға босқын мәртебесін бермей отыр.
XS
SM
MD
LG