Қазақстандық «Астана» велокомандасы дүйсенбі күні «Самрұқ-Қазына» мемлекеттік қорымен келісімшартқа отырады деп хабарлады «Новости-Қазақстан» агенттігі.
Қазақстанның велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскуриннің айтуынша, бұл келісімшарт үш жылға арналған, осылайша "Астана" 2013 жылға дейін қаржы мәселесін толықтай шешеді.
20 қазанға дейін халықаралық велоспорт федерациясына қаржы тұрақтылығы туралы кепілдеме тапсырмаған жағдайда «Астана» келесі маусымда «ПроТур» лицензиясынан айрылып қалуы мүмкін.