Accessibility links

Армения президенті тарихи келісімнен кейін Түркияға бармақ


Армения президенті Серж Саргсян футбол ойынын тамашалау үшін сәрсенбі күні Түркияға сапар жасайтынын растады.

Сенбі күні Түркия мен Армения сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіру үшін және бір ғасырға созылған дұшпандыққа нүкте қою мақсатында тарихи келісімге қол қойған болатын. Бірақ бұл келісімді әлі екі ел парламенттері бекітуі тиіс.

Жексенбі күні Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Арменияны даулы аймақ - Таулы Қарабахтан шығуға шақырды.

Өткен жылдың қыркүйек айында Түркия президенті Абдулла Гүл Саргсянның шақыртуын қабылдап, футбол бойынша 2010 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу ойынын Ереванда тамашалаған болатын. Сәрсенбі күні бұл екі елдің командалары арасында тағы бір матч ұйымдастырылады.
XS
SM
MD
LG