Accessibility links

Әзірбайжан Ресейге газ беретін болды


Бүгін Әзірбайжан Ресеймен энергетикалық келісім-шарт жасады. Әзірбайжанның SOCAR энергетикалық компаниясының басшысы Ровнаг Абдуллаев пен Ресейдің Газпром компаниясының басшысы Алексей Миллер Ресейге газ беру жөніндегі келісімге Бакуде қол қойды.

Бұл келісімге маусым айында Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Бакуге сапары кезінде қол жеткен.

Жаңа келісім-шарт бойынша, Ресей қаңтар айынан бастап Әзірбайжанның 500 млн текше метр газын сатып алады. Газ бағасы ғаламдық нарық бағасына сәйкес тоқсан сайын келісіліп отыратын болады.
XS
SM
MD
LG