Accessibility links

Мұхтар Жәкішевтің миында ісік пайда болған


Қамауда отырған «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы қатты нашарлап, өткен аптада өзінің ісімен танысуға шамасы келмегенін оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев хабарлаған еді.

Енді ҰҚК емханасының кардиологтары оның денсаулығын тексеріп, Мұхтар Жәкішевтің миында ісік бар екенін анықтаған.

Адвокат Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, Жәкішевтің сонымен қатар жоғары қан қысымы мен асқазан аурулары да ушығып отыр. Сондықтан, адвокат Бейсекеев алдағы уақытта тиісті органдарға шағым жазбақшы.
XS
SM
MD
LG