Accessibility links

Ирақ пен Түркия барлығы 44 келісім жасады


Бүгін Түркия мен Ирақ үкіметінің басшылары энергетикалық ынтымақтастықтан, су бөлісу, күрд көтерілісшілерімен күрес туралы барлығы 44 келісімге қол қойды.

Түркияның үкіметтік делегациясын Бағдадқа бастап барған премьер-министр Режеп Тайып Ердоған ирақтық әріптесі Нури әл-Мәликимен кездесті.

Кездесуде Түркия арқылы Еуропаға өтетін Ирақтың табиғи газын тасымалдауға түсіністік меморандумы келісім жасалды.

Анкара мен Бағдад арасындағы байланыстар Ирақтың солтүстігінде орналасқан Күрд жұмысшылар партиясының бүлікшілері тарапынан Түркияға қарсы жасалған шабуылдарға байланысты шиеленісіп келген.

Бірақ дипломатиялық қарым-қантыстары2003 жылы АҚШ бастаған күштердің Ираққа кірген кезінен бері жақсарып қалды. Екі елдің сауда саттық байланысы 5 млд доллардан асып кеткен.
XS
SM
MD
LG