Бүгін Астана сотында Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына сот үкімін шығару жалғасады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бейсенбі күні айыптау қорытындысын оқу барысында судья Ерлан Тасыровтың қан қысымы көтеріліп, денсаулығы сыр берген еді.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына қарсы сот процесі үш айға жуық уақытқа созылды.
Экология министрі болған Нұрлан Ысқақов 30 наурыз күні өзінің кабинетінде тұтқындалған болатын. Ысқақовтың орынбасарлары Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Брәлиевке және «Меркурий плюс» компаниясының өкілі Әділбек Жайылғановқа ұйымдасқан қылмысқа барып, 1 млрд. 172 млн.теңге (шамамен 7,8 миллион доллар) көлемінде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылған болатын.