Accessibility links

Исламға қарсы голландиялық депутат Лондонға барды


Ислам жөнінде даулы фильм түсірген голландиялық заңшығарушы бүгін Лондонға барды.

Бостандық партиясының жетекшісі Гирт Уилдерстің "Фитна" деп аталатын даулы фильмі исламды лаңкестікпен байланыстырған болатын. Бұл фильм әлем мұсылмандарының ашу-ызасын келтірген еді.

Ақпан айында Уилдерс Лондонның Хитроу әуежайынан қайтарылды себебі оның Британияда жүруі елде зорлық-зомбылыққа түрткі болады делінді.

Осы аптада Британия соты тыйымды алып тастаған соң Уилдерс Лондонға оралып отыр. Ол парламентте британиялық саясаткерлермен кездесуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG