Accessibility links

Македония мен Косово шекара келісімін бекітті


Косово мен Македония елінің парламенттері даулы болған шекара мәселесін шешетін келісімді мақұлдады.

Бірнеше айға созылған келіссөздерден кейін екі елдің 150 шақырымдық шекара сызығын белгілейтін келісімге жұма күні қол қойылған.

Бұл келісім Македония мен Косовоның дипломатиялық байланыстарын орнатуға жол ашпақ.

Македония бір жыл бұрын Косово тәуелсіздігін мойындаған, бірақ шекара мәселесін шешпейінше бұл елмен дипломатиялық байланыстар құрудан бас тартқан.

Құрама Штаттар мен Швецияның төрағалығындағы Еуропа Одағы бұл келісімді оң қабылдады.
XS
SM
MD
LG