Accessibility links

Қазақстандық кабельдік тележүйе көрермендері MTV арнасынан «Борат» фильмін көре алмады


«Новости-Казахстан» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні қазақстандық кабельдік желінің телекөрермендері орыс тіліндегі MTV арнасынан «Борат: Исследование культуры Америки на благо славного народа Казахстана» атты фильмді көре алмай қалды.

Оған себеп, MTV телеарнасынан трансляция жасайтын кабельдік желінің операторлары бұл фильмнің орнына басқа хабарды эфирге шығарып жіберген.

«Бұл фильм Қазақстанда трансляция жасауға арналмаған, сондықтан біз оны эфирден алып тастадық», — деген агенттікке берген түсініктемесінде «Алма ТВ» кабельдік желісінің өкілі.

Дегенмен, MTV телеарнасын спутниктік антенна арқылы көретін қазақстандықтар бұл фильмді тамашалаған.

Бұл фильмнің сюжеті қазақ журналисі Борат Сағдиев деген кейіпкер арқылы Қазақстан өмірін әжуа-мысқылға құрылған.
XS
SM
MD
LG