Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға бармақ


Ертең Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Түркияға барады, — деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, мемлекет басшысының сапары барысында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық саладағы бірқатар екі жақты келісімдерге қол қою жоспарланған.

Сонымен қатар екі елдің іскер топтарының қатысуымен Қазақстан Түркия бизнес форумы да өткізілмек.

24-қазанда аяқталатын сапар аясында Қазақстан басшысы Түркия президенті Абдулла Гүлмен, премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанмен, парламент төрағасы Мехмет Әли Шахинмен және осы елдің 9-президенті Сүлеймен Демирелмен кездесіп, Анкарадағы ТҮРКСОЙ-дың штаб-пәтеріне барады.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG