Accessibility links

Джо Байден Еуропаны аралайды


Сейсенбі күні АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден Еуропаға 5 күндік сапарға шығып, оның барысында Польша мен Чехияға және Румынияға аялдайды.
Сапардың қарсаңында Байденнің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Тони Блинкин хабарлағандай, вице-президенттің басты мақсаты – АҚШ зымырандық шабуылдан қорғану жүйесінің элементтерін Чехия мен Польшаға орналастыру жоспарынан бас тартқанымен, осы мәселеде Прагамен және Варшавамен арадағы әріптестіктен мүлде бас тартпайтынына Чехия мен Польшаның көздерін жеткізу болып отыр.
Одан бұрын АҚШ президенті Барак Обама Польшаға соғыс зымырандарын, Чехияға радар жүйесін орналастыру жоспарынан бас тартатынын хабарлап, АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғанудың олардан әлдеқайда икемді жүйесін жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG