Accessibility links

Жовтистің ісін қараған сот кеңесуге шықты


Адамның құқын қорғаушы Евгений Жовтистің өзін 4 жылға бас бостандығынан айырған бірінші сатыдағы соттың үкіміне қарсы берген шағымын қарап жатқан Алматы облыстық сотының Талдықорғандағы апелляциялық алқасы Жовтистің өзінсіз өтіп жатыр.

Жол көлік апатында қаза болған жолаушының анасы Райхан Молдабаеваны, сотқа бір сағат кешігіп келуіне қарамастан, сот залына өткізді. Ол туралы Талдықорғаннан біздің тілшіміз хабарлады.

Оппозиция көсемдерінің бірі Болат Әбіловтің сөзіне қарағанда, төрағалық етуші судья Е.Жовтисті сот залына алып келу туралы оның адвокаты Виталий Вороновтың өтінішін қанағаттандырмады. Сотта сөз берілген Райхан Молдабаева Жовтисті кешіретінін айтып, оның үстінен бұрын шығарылған сот шешімін бұзуды өтініп үлгерді.

Б.Әбіловтің хабарлауынша, прокурор Жовтисті қорғаушылардың барлық өтініші мен қаза тапқан жолаушының анасының өтінішіне де қарсы шықты.

Апелляциялық алқа мәжіліске қатысушылардың пікірлерін тыңдап, қазір кеңесуге шықты.

Қазақстандағы адамның құқы мен заңдылықтардың сақталуы бойынша халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис – биылғы жылы қыркүйек айында жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер болды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG