Accessibility links

Грузияның темір жолында жарылыс болды


Бүгін Грузияның темір жолы желісінде жарылыс орын алып, мұнай өнімдерін таситын поезд тоқтап қалды. Грузияның темір жолдары бойынша баспасөз хатшысы Сенаки мен Поти порты арасында болған жарылыстан ешкім зардап шекпеді деп хабарлады.

Грузияның батысындағы темір жолы желісінде соңғы айларда бірнеше рет жарылыс орын алған еді. Ресмилер бұл жарылыстарды "лаңкестік әрекет" деп сипаттап, шабуылдарды жікшіл аймақ Абхазиядағы жауынгерлер жүзеге асырған болуы мүмкін деп айыптады.
XS
SM
MD
LG