Accessibility links

Роберт Гейтс: Солтүстік Корея бұрынғысынша қауіп төндіруде


Солтүстік Корея Солтүстік Азияға бұрынғысынша қауіп төндіріп отыр, — деп мәлімеді АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс.

Сеулде өткен келіссөз барысында Гейтс Вашингтонның өз одақтасын қорғау үшін ядролық тежеуді қосып, барлық әскери мүмкіндіктерді пайдалануға дайын екендігін айтты.

Бұған қоса ол Құрама Штаттардың халықаралық серіктестерімен бірге Пхеньянды ядролық қарудан бас тартуға бейбіт жолмен көндіру әрекетін жалғастыратынын атап өтті.
XS
SM
MD
LG