Accessibility links

Рамазан Есіргеповке Тараз соты шығарған үкімді облыстық сот күшінде қалдырды


Жамбыл облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров (ортада). Тараз, 22 қазан 2009 жыл.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров (ортада). Тараз, 22 қазан 2009 жыл.

Жамбыл облыстық сотының алқасы Рамазан Есіргеповтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, Тараз қалалық сотының 8 тамызда шығарған 3 жылға бас бостандығынан айыру үкімін күшінде қалдырды. Осылайша Рамазанның өзі және қолдау тобы қатыстырылмаған сот та Есіргеповты есіркемеді.

Сотқа қатысқан Азаттық радиосының тілшісінің хабарлауынша, облыстық сот төрағасы Досжан Әміров бастаған сот алқасы Есіргеповтың шағымын оның қатысуынсыз, сырттай қарап шешім шығарған.

Сондай-ақ апелляциялық сотқа қатысу үшін Алматыдан арнайы келген Есіргеповтың зайыбы Раушан Есіргепованы, журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің сот отырысына қатысуына сот рұқсат бермей қойды.
Салтанат Сапаева журналист Рамазан Есіргеповтың тағайындалған адвокаты. Жамбыл облыстық соты, 22 қазан, 2009 жыл.


"ТӘУЕЛСІЗ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ТҰСАУЛАУ"

Соңғы уақыттары елде орын алып жатқан сот отырыстарына талдау жасаған тәуелсіз журналист Ермұрат Бәпи, әдетте олардың журналистерге қатысты ғана қатал шешім шығаратындығын айтады.

– Елдегі ірі лауазымды тұлғаларға қатысты орын алған сот отырыстары қанша шулы басталғандығымен, олардың нәтижесі қатал жазамен аяқталып жатқан жоқ. Бірнеше миллиондаған қаржыны жымқырды деген шенеуніктердің бірқатары бостандыққа шығып, ендігілері 4-5 жылға соттталып жатыр. Ал бір мақала жазып, оның ішіндегі бір сөз үшін төртінші билік өкілдері – журналистерді бас бостандықтарынан айырып, қала берді ондаған жүздеген миллиондаған айыптар салуы көңілге күдік ұялататындығы анық, – дейді Ермұрат Бапи.

Рамазанның зайыбы Раушан Есіргепова (оң жақта) және қоғамдық қорғаушысы Өтеген Ихсанов (ортада) Жамбыл облыстық сотында. Тараз, 22 қазан 2009 жыл.
Осылай деген ол Рамазан Есергеповтың кінәсінің дәледенбегендігін алға тартады. Қоғамда орын алған келеңсіз жайттарға қатысты тың деректерді көпшілікке тарату – әр журналистің міндеті деген Ермұрат Бапи Қазақстандағы тәуелсіз журналистиканың аяғынан шалу әрекеттері тұрақты жүріп жатқандығын айтады.

– Қазақстанда 3 мыңға тарта басылым бар, соның арасында 5-ін ғана тәуелсіз деп атауға болады. Олардың өздерінің бүгінгі жағдайы мәз емес. Биліктен «мынау оппозицияның өкілдері тұтылып қалған жағдайлары болса, пайдаланып қалыңдар!» деген нұсқау бар сияқты. Олар біреу біреуді қағып кетсе, батылырақ сынаған мақалалар болса, кезіндегі Сергей Дувановты «қыз зорлады» деген сияқты, жылт еткен дүниелердің барлығын максималды түрде пайдаланып, жазалау қажет деген тұрғыда нұсқаулар бардай, – дейді біздің радиомызға сұхбат берген тәуелсіз журналист Ермұрат Бапи.

Елдегі баспасөз бостандығын қадағалайтын «Әділ сөз» ұйымының өкілі Ғалия Әженова Рамазан Есіргеповтың кәсіби міндетін
Сержан Әбдіқұлов, Жамбыл облыстық прокуратурасының прокуроры. Тараз, 22 қазан 2009 жыл.
атқарғандығы үшін жапа шегіп оытрғандығын айтады.

– Журналист материалды аталған органға барып, ұрлап алып, басылым бетіне жариялаған жоқ. Оған қандайда бір жолдармен ол материал түсті, әрине асылы матеириалды журналистке берген жауапты адам жазалануы керек еді. Ал бұл жағдайда журналист жауап беріп отыр. Біз бұны – журналистердің кәсіби қызметіне кедергі деп бағалаймыз. Рамазан өзінің кәсіптік қызметі мен міндетін атқарғаны үшін жапа шегіп отыр, – дейді «Әділ сөз» халықаралық ұйымының қызметкері Ғалия Әженова.

«Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов биылғы тамыз айының басында Тараз қалалық сотының үкімімен 3 жылға бас еркіндігінен айыру жазасына кесілген болатын. Сот журналисті
«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы (оң жақта) және «Қазақстан» газетінің бас редакторы Серғазы Мұхтарбек (сол жақта) әріптестері Рамазан Есіргеповтың шағымы қаралып жатқан Жамбыл облыстық сотының алдында. Тараз, 22 қазан 2009 жыл.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтік құпиясын заңсыз жолмен алып, оны газет бетінде жариялағандығы үшін айыпты деп тапты.

Тәуелсіз журналист Ермұрат Бапидің пайымдауынша, жоғарғы сотқа қаншалықты шағым жазылғанымен, билікке жағымсыз жайттарды айтатын журналистердің ақталып шығуы мүмкін емес.

– Біздегі бейшара соттар «бірінші биліктің» айтқанынан шыға алмайды. Сондықтан Есіргеповке де кешегі Жовтиске де жоғарғы инстанция рақымшылық береді деу мүмкін емес, – дейді Е. Бапи.

Айта кету керек, cот отырысында Есіргеповтің ісі бойынша айыпты деп танылған тағы екі адам – Махмадов пен Сандыбаевтар да болған жоқ, облыстық сот алқасы олардың да апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады.
XS
SM
MD
LG