Зеленскийдің ұшағын "аңду", Шешенстанға "шабуыл", АҚШ-тағы кездесу | Соғыс жаңалықтары
АҚШ пен Украина өкілдері Майамиде кездесті. Бірақ екі жақ та оның нәтижесі жайлы жария ақпарат бермей отыр. Украина президенті Владимир Зеленский «лайықты бейбітшілікке» қол жеткізу үшін кез-келген жағдайға дайынбыз деп мәлімдеді. Ал Үндістанда сапарлап жүрген Кремль жетекшісі Владимир Путин «қантөгісті тоқтатуға Киев режимі емес, Трамп көбірек ниетті» деді.