Украинада соғыс кезінде жемқорлық көбейді деген айыптаулар фонында Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак екі айға қамалды. Украинадағы «Хочу жить» жобасы тұтқындар арасындағы Қазақстан азаматының видеоүндеуін жариялады. Ол Мәскеуден көмек сұраған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс аяқталуға шақ қалды деп мәлімдеді. Ол Путинмен арада Донбассты тұтас алу мәселесі жоқ деп сендірді. Ал Мәскеу тағы бір жойқын қаруды сәтті сынақтан өткізгенін хабарлады. Украина қарулы күштері Ресейдің газ өнеркәсібін нысанаға алып, атқылап жатыр.
Көктем басталғаны Украина Ресейге дрон шабуылын күшейтіп, наурызда 7 мың дрон жіберген. Бұл – соғыс басталған уақыттан бергі рекордтық көрсеткіш. Киев дрон шабуылын қалай үдетіп жатыр?
Мәскеу Ресей президенті Владимир Путиннің жеке басына алаңдап, қауіпсіздік шарасын күшейтті. Бұл туралы жасырын дереккөздеріне сүйеніп Financial Times жазды. Басылымның хабарлауынша, қастандықтан қорыққан Кремль жетекшісі кейінгі айларда бункерлерде отырып жұмыс істеуді әдетке айналдырған.
Орталық Азия елдерінің азаматтары арасында өз еркімен әскери келісімшартқа отырып, Украинаға аттанатындар саны артып келеді. Мұны құқық қорғаушылар, журналистер мен оқиға куәгерлері айтып отыр. Соғысқа барудың басты себебі ретінде ақша мен Ресей азаматтығын алу мүмкіндігі аталады.
Украина 12 күн ішінде үшінші рет Ресейдің Қара теңіз жағасындағы ірі мұнай өңдеу терминалына соққы берді. Бұл Туапсе қаласында тағы да өрт шығуына себеп болып, тұрғындар эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер бұған дейінгі шабуылдан шыққан өртті енді ғана өшіріп болған еді.
16 жастағы Тимур Турков соғысқа қарсы көзқарасы үшін туған елі Ресейді тастап, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті. Орал қаласына жетіп, саяси баспана сұраған бозбала қылмыстық іс бойынша сотқа тартылып, оған депортация қаупі төнді.
Қазір Донецк облысының Константиновка майдан шебінде шайқас жүріп жатыр. Ресей бұл маңдағы елдімекендерге шабуылды үдеткен. Украина әскерилері Константиновка майданында дрондар шабуылы күшейгенін айтады.
Киев пен Мәскеу «193-ке 193» форматында тұтқын алмасты. Ресми ақпаратқа қарағанда, бұл жолы тұтқыннан босағандар арасында Ресейде қылмыстық іс қозғалғандар мен жараланғандар бар. Еліне аман-есен оралғандар «бұл күнді көптен бері күттік» дейді.
АҚШ-тың назары Таяу Шығысқа ауған тұста Украина президенті Еуропаны аралап, жеке келісімдерге келіп жатыр. Германиямен зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламасы, ал Норвегиямен дрон өндірісі бойынша екіжақты құжаттарға қол қойды. Ал майданда Пасха мейрамына байланысты кідірген атыс қайта басталды
Таяу Шығыстағы соғыс Ресей-Украина арасындағы қақтығыс пен келіссөз мәселесін әлемдік саясаттың күн тәртібінен екінші орынға ысырды. Дегенмен Мәскеу мен Киев бір-бірін алыстан да атқылап, майдан шебінде де соғысып жатыр. Ал бейбіт бітім ісін талқылау кейінге қалды.
Тағы