Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстар 7 адамның өмірін қиды


Пәкістан полициясының хабарлауынша, екі бірдей бомбалық жарылыстан жеті адам құрбан болып, тағы сегіз кісі жарақат алды.

Жанкештілік шабуылдың бірі Исламабадтан 75 шақырымдай жерде орналасқан Кармадағы Пәкістан әуе күштерінің базасы сыртында орын алып, 7 адамның өмірін қиды.

Одан кейін бірнеше сағат өткенде Пешавар қаласында көлікке қойылған бомба жарылысынан 8 адам жараланды.

Пәкістан күштері Оңтүстік Вазиристандағы талибан жасақтарына қарсы соққысын бастағаннан бері әскерилерге қарсы шабуыл толастамай отыр.

Талибан бүлікшілері соңғы үш аптада шабуылдарын көбейтіп, 180-ге жуық адамның өмірін қиды.
XS
SM
MD
LG