Accessibility links

Лавров: Ресей Иранның ядролық келісімін қолдайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Ресей БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Теһран мен Қауіпсіздік Кеңесінің үш еліне ұсынған жобасымен келіседі.

Ресей, Франция Құрама Штаттар мен Иранға жолданған ұсыныс Теһранның уран байыту жұмыстарын басқа елдерде жасау мүмкіндігі болып отыр.

БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Теһранның уранын байыту үшін шетелге жіберу жөніндегі ұсынысқа барлық тараптың ресми жауабын күтіп отырғанын мәлімдеді.

Теһран өзінің құпия ядролық бағдарламасы аясында уран байытып жатыр деген Батыстың алаңдаушылығын азайту мақсатында төменгі байытылған уран қорын отынға айналдыру үшін Ресей мен Францияға жіберуі керек болады.

Сондай жағдайда ғана ол отын ядролық қару жасауға пайдаланылмайды.
XS
SM
MD
LG