Accessibility links

Ресейде доңыз тұмауының мыңнан аса оқиғасы тіркелді


Ресей доңыз тұмауы вирусымен тіркелгендер саны мыңнан асып отыр.

Ресейдің бас санитар дәрігері Геннадий Онищенко журналистерге доңыз тұмауын жұқтырғандар Ресей Федерациясының 56 аймағында тіркелді деген.

Оның айтуынша, жұқпалы ауруға шалдыққандарды көбі 7 жастан 14-жасқа дейінгі балалар.

Бұл тұста Ресейдің тұмауды зерттеу орталығының директоры Олег Киселев осы аптаның басында доңыз тұмауымен ауырғандар қатары ресми көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары екенін айтқан.

Жұма күні Ресейдің Байкал аймағындағы билік доңыз тұмауына байланысты әскерге шақыруды тоқтатқанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG