Accessibility links

Гаага: Р.Караджичтің соты кейінге қалды


Гаага қаласындағы Босния сербтерінің бұрынғы көсемі Радован Караджичтке қарсы сот процесі сейсенбіге қалдырылды.

Р.Караджич сот мәжілісіне келмеді. Қазір сот оған өз қалауынсыз адвокат тағайындау мүмкіндігін қарастыруда.

Өткен аптада Караджич өзінің ісімен танысуға уақыты болмағанын сылтау етіп, сотқа бойкот жариялайтынын мәлімдеді. Оған 1990шы жылдардың бірінші жартысындағы Босния соғысындағы қылмыстары үшін айып тағылып отыр.

Р.Караджич – халықаралық трибуналдан 13 жыл бойы жасырынып келді. Оны өткен жылдың шілдесінде Белградтың түбінде Сербияның қауіпсіздік қызметі қолға түсірді.
XS
SM
MD
LG