Accessibility links

Ирақ халықаралық тергеу жүргізуге шақырды


Ирақ БҰҰ-н бүлікшілерге шетелдік қолдау көрсетілуде деген мәлімдемелерді тергеуге шақырып отыр. Сыртқы істер министрі Хошияр Зебаридің мәлімдеуінше, жексенбі күні Бағдадта үкімет ғимараттарына жасалған шабуылдар Ираққа өзін қорғауда халықаралық қауымдастықтың көмегі қажет екендігін көрсетті.

Вашингтонда Мемлекеттік департаментінің ресмилері АҚШ Ирақтың тергеу жүргізу туралы шақыруын қолдайды деп атап көрсетті.

Жексенбілік шабуылдарға байланысты жауапкершілікті Әл-Қаидаға қатысы бар "Ирақ ислам мемлекеті" тобы өз мойнына алды. Бағдадтың орталығында орын алған әлгі жарылыстардан 150-ден аса адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG