Accessibility links

Американдық CIT Group холдингі банкрот жариялады


Американдық шағын және орта бизнеске несие беретін ірі ұйымдардың бірі CIT Group қаржы холдингі сотқа өз бакроттығын тану туралы өтініш берді.

Ұйымның облигация иегерлерінің көбі қайта құрылымдау жоспарын мақұлдаған, өйткені осы арқылы жалпы қарызды 10 миллиард долларға азайтуға болады.

Мамандар бұл ұйымның банкроттығын әлемдік қаржы дағдарысының басталуы ретінде бағаланатын Lehman Brothers инвестициялық банкінің күйреуімен салыстырады.
XS
SM
MD
LG