Accessibility links

Қарағандылық оқушылар каникулға мерзімінен ертерек шығуда


Бұл туралы «Kazakhstan Today» агенттігіне хабарлаған қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Ақат Мештаевтың мәліметінше, себеп оқушылар арасында өткір респираторлық вирусты инфекцияның өсуі болып отыр.

«Каникулға дейін екі күн қалды және біз бүгіннен бастап балаларды қауіпсіздік мақсатында және денсаулық сақтау қызметінің нұсқау хатына сәйкес, сондай-ақ, мектептерде әрбір бесінші бала ауырып жатқандықтан, өткір респираторлық вирусты инфекцияның таралуына жол бермеу үшін каникулға жіберіп жатырмыз. Демек, балалар 5 қарашаның орнына 3-қарашадан бастап демалысқа кетеді. Мектеп бағдарламасын игеру үшін қысқы каникул осы мерзімге қысқарады», — деді А. Мештаев.
XS
SM
MD
LG