Accessibility links

Абдулла: Карзайдың президент болып қайта сайлануы заңсыз


Даулы сайлауда президент Хамид Карзайдың негізгі қарсыласы болған Абдулла Абдулла Карзайдың үкіметінің заңдылығына күмән келтіріп отыр. Абдулланың айтуынша, Карзай елдегі жемқорлықты ауыздықтай алмайды. Ауған сайлау комиссиясының Карзайды жеңімпаз етіп жариялауына заңды негіз жоқ дейді Абдулла.

Абдулла президент сайлауының екінші сатысында да заңбұзушылықтар болады деп, оған түсуден бас тартқан соң комиссия Карзайды жеңімпаз деп жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG