Accessibility links

Қызылордада газдың жарылуы салдарынан екі адам күйіп қалған


Қызылорда қаласында 3 қабатты үйде газ жарылып, соның салдарынан шыққан өрттен күйіп қалған 15 жастағы жеткіншек пен 62 жастағы қария ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сәрсенбі күні 19 сағат 20 минутта қаладағы Әйтеке би көшесінде орналасқан үйде газдың жарылуынан шыққан өрт төрт пәтерді, яғни 210 шаршы метр көлемді шарпып, екі пәтердің арасындағы қабырғаны бұзып кеткен.

Бір сағат шамасында сөндірілген өрттен кейін 96 адам көшірілген.
XS
SM
MD
LG