Accessibility links

Қазақстандық судьялардың V съезі өткізілмек


Қазақстан Жоғарғы соты 18-қараша күні Астанадағы «Тәуелсіздік сарайында» Қазақстан Республикасы судьяларының V съезі өткізілетіндігін хабарлады.

Форумға республиканың барлық аймақтарының орталық мемлекеттік және құқық органдарының басшылары, заңгерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, шетелдік қонақтар қатысады.

Съезде судьялардың берілген міндеттерді орындауы жөніндегі жұмыс қорытындысы, жүргізілген сот реформасының нәтижесі мен белгіленген жаңа міндеттер талқыланады.

Сондай-ақ құқықтық сот реформасын жүзеге асырудағы судьялар бірлестігінің қоғамдық рөлі және заңнамаларды жетілдіру, судья әдебін сақтаудың нормасы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері қарастырылып, съезд жұмысының қорытындысы бойынша қарар (резолюция) қабылданбақ.
XS
SM
MD
LG