Accessibility links

Белоруссияда жеті адам А/H1N1 тұмауынан көз жұмған


Белоруссияның Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет елдегі доңыз тұмауы құрбандарының санын жариялады, — деп хабарлайды РИА Новости Белта агенттігіне сілтеме жасап.

«Өткен екі апта көлемінде елде өкпесі қабынған 19 адам қайтыс болды, оның жетеуінен доңыз тұмауы шыққаны лабораториялық зерттеуде дәлелденген. Сондай-ақ тағы 85 адамнан осы науқастың вирусы анықталған, олардың 31-і ауруханаға жатқызылды», — деді Белоруссия СЭС-нің бас дәрігері Валентина Качан.
XS
SM
MD
LG